Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орайластырылған іс-шара наурыздың 24-іне дейін жалғасады. Бұл бастама біздің өңірде де ойдағыдай жүзеге асырылып келеді.
Арқалықта қазақ күресінен ересектер мен әйелдер арасында облыстық чемпионат өтіп жатыр
Қаладағы «Қайрат» спорт кешенінде жалауын желбіреткен жарысқа облыс әкімінің орынбасары, Тобыл-Торғай тарландары «Қазақ күресі» федерациясының президенті Ринат Мұхаметқалидың өзі қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Қостанайда 2 миллион теңге қарызы бар азамат ұсталды
Ақпан айының басында Қостанай қалалық Полиция басқармасының көші-қон қызметіне жеке сот орындаушысынан борышкерді іздеуге жариялау туралы қаулы келіп түсті.
Лисаковта қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды
Лисаков қаласының кәсіпкерлері 1 наурыз Алғыс айту күнін мерекелеу аясында өз сауда орындарында «Жақсылық сөресін» ұйымдастырды.
Легионерге бюджеттен ақша берілмейді…
Дәл қазір Парламент Мәжілісінің қабырғасында денешынықтыру және спортқа қатысты заң жобасы қаралып жатыр. Оның ішінде жүзге жуық өзгеріс бар. Ең негізгілерінің бірі – легионерлер мәселесі.
Ұлттық статистика бюросы өткен айдың инфляция деңгейін жариялады
2024 жылғы ақпанда тұтыну бағаларының айлық индексі үдей түсіп, 1,1% құрады (қаңтарда – 0,8%).
Биыл Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедек жандар 145 мыңнан астам қызмет алды
2024 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 110,9 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 6,4 мың – ымдау тілі қызметін, 24,1 мың – жеке көмекшінің, 3,8 мың – санаторлық-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қазақстан Иранмен мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова мен Иран елшілігінің Қазақстандағы мәдениет істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Талеби Матинмен кездесті.
«Тобыл» футбол клубы жаңа маусымдық құрамын таныстырды
Кешке жиналған жанкүйер қауым тамаша викториналық ойындардың куәсі болды.
Федоров ауданында сайлау қалай өтіп жатыр?
Бүгін Федоров ауылдық округінде әкім сайлауы өтіп жатыр. Ашық 10 сайлау учаскесінде күн елдің Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды.