Легионерге бюджеттен ақша берілмейді…

Легионерге бюджеттен ақша берілмейді…

Дәл қазір Парламент Мәжілісінің қабырғасында денешынықтыру және спортқа қатысты заң жобасы қаралып жатыр. Оның ішінде жүзге жуық өзгеріс бар. Ең негізгілерінің бірі – легионерлер мәселесі.

Бұл түйіткілді бұған дейін әріптестер көтеріп, біраз шыр-пыр болған еді. Ақыры ол заң жобасына енгізілді. Яғни, шетелден келген спортшыларға мемлекеттік бюджеттен қаржы берлімесін деген тармақ қойылды. Енді сол легионерлерді шақырушы тарап олардың жалақысын бюджет тарапынан төлей алмайтын болды. Міне, осындай норма қабылданды. Енді Президентіміз қол қойса болды.

Ал, енді шақырушы тарап өз ақшасына не демеушілердің ақшасына тартам десе, оған ешқандай проблема жоқ.

Норманың авторы – Нартай Сәрсенғалиев пен Елнұр Бейсенбаев. Бүгінге дейін жұмыс тобының 4 отырысы ұйымдастырылды. Соның аясында аталмыш тетік жан-жақты талқыланды. Ақыры жұмыс тобының мүшелері бірауыздан қолдап дауыс берді.

Осындай күтпеген күрделі өзгеріс болып жатыр. Бұл спортты әбден майшелпекке айналдырып алғандарды тығырыққа тірейтіні анық. Есесіне, саланың бойына қан жүгіріп, көзбояушылық пен жемқорлық жойылады. Шынайы бәсекелстік пайда болады. Еің бастысы – легионер тартқыштардың бетпердесі ашылады…

Жаңалықтармен бөлісу