Арқалықтықтар соғыс құрбандарына тағзым жасады 

Арқалықтықтар соғыс құрбандарына тағзым жасады 

Арқалықтықтар 9 мамыр – Жеңіс күнінің 79 жылдығын «Ұлы жеңіске тағзым» атты салтанатты жиынмен қарсы алды.

Қала орталығындағы «Даңқ» ескерткіші алаңқайында арнайы митинг өткізіліп, жиналған халықты қала әкімі Әмірхан Асанов пен тыл ардагері, Арқалық қаласының құрметті азаматы Константин Ищутин құттықтады.

blank blank

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл 79 жыл толып отыр.

blankblankblankblank

Қанша уақыт өтсе де ұрпақтарына бостандық сыйлаған аталарымыздың жасаған ерлігі ешқашан жадымыздан өшпейді.

blank

«Сұм соғыс миллиондаған адамның өмірін қиып, елге батпандай ауыртпашылық әкелді. Қан майданда қзақтың қайсар ұлдары мен қыздары ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Біз бүгін ержүрек ата-бабаларымыздың арқасында бейбіт өмір кешудеміз. Біз ұрпағының жарқын болашағы үшін жасанған жауға жасқанбай қарсы тұрып, асқан батырлықпен, өлшеусіз ерлікпен тойтарыс берген аталарымыз бен әкелерімізге әрқашан сый — құрмет көрсетуге тиістіміз», – деп атап өтті қала әкімі Әмірхан Асанов.

blankblankblankblank

Ұлы Отан жеңісінің мәңгілік ескерткішіне алғашқылардың қатарында қала әкімі Әмірхан Асанов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Түбекбай Әубәкіров, қалалық мәслихаттың төрағасы Гүлбану Елтебаева, «AMANAT» партиясы Арқалық қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сабыржан Тасмағанбет гүл шоқтарын қойып, соғыс боздақтарының рухтарына тағзым етті.

blank

blankblankblankblank

Қала мекемелері мен ұжымдары, кәсіпорындары, құқық қорғау органдары, білім, мәдениет, денсаулық, спорт салаларының өкілдері және қала тұрғындары тайлы-таяғымен келіп бабалар ерлігіне бас иді. Жас ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетті.

 

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ 

Суреттерді түсірген автор

Арқалық қаласы