Еріген қар суынан зардап шеккен тұрғындарға материалдық төлем жасаудың алғашқы жұмыстары басталып кетті. Қала әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссия қалаға іргелес кенттердегі су кірген үйлердің бүлінген дүние-мүліктеріне акт жасауға кірісті.
Жаркөлдің көрші ауылдары шұғыл шараға қамданып отыр
Жанкелдин ауданындағы төтенше жағдай қалыпты деп айтуға әлі ерте. Сарысу ауылындағы көмекке жүгінген тұрғындар аудан орталығына көшіп келді. «Ауыл шетіне келіп тұрған судың деңгейі төмендеп, беті қайтар»деп үмітпен отырған ауылдық ағайындардың кейбірі жылы орындарын әзірге суытқылар келмейтін сияқты.
Халық қалаулысы су тасқынынан зардап шеккен көп балалы отбасыға баспана жалдап берді
Арқалық қаласындағы төтенше жағдай іс-қимылдарында халық қалаулылары да белсенділік танытытып жатыр. Ел қамы үшін еңселі іс атқарып жүрген депутаттардың бірі – Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Абыл Ерденов.
Жазушы Сәбит Досанов дүние салды
Белгілі жазушы, драматург, «Отан» орденінің иегері, Мемлекеттік және М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтардың лауреаты, даңқты жерлесіміз Сәбит Досанов өмірден озды. Қаламгер 84 жасында жарық әлеммен қош айтысты.
Арқалыққа мал азығы жеткізілді
Төтенше жағдайда көмек ретінде Әулиекөл ауданынан 30 тонна, Наурызым ауданынан 15 тонна шөп келді. Ал, Ұзынкөл ауданы болса көмек ретінде 50 тонна жем жіберген.
Су тасқыны облыстың барлық өңіріне қауіп төндіруі әбден мүмкін
Қостанай облысында су тасқынынан келетін қауіп өрши түсуі ықтимал. Өйткені «Қазгидромет» мамандары бүгіннен бастап сынап бағанасы көтерілетінін болжап отыр. Мұның салдарынан облыстағы басқа өңірлерге де тасқын-селден қатер төнуі мүмкін.
Алтынсарин ауданындағы екі елді мекенге қауіп төніп тұр
Алтынсарин ауданында өткен жылдардағы тәжірибені ескере отырып, Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің Шоқай ауылы мен Свердлов ауылы су тасқыны құбылыстарына бейім аумақ ретінде анықталды.
Қызбел ауылына көмек көрсетілді
Жанкелдин ауданы әкімдігінен Қызбел ауылына материалдық жәрдем жіберілді.
Торғайға материалдық көмек қажет
Төтенше жағдай жарияланғалы су тасқынымен тынымсыз күрес жүргізіп жатқан Жанкелдин ауданына материалдық тұрғыда жәрдем керек. Бұл туралы аудан әкімдігінің өкілдері хабар таратып отыр.
Жұрт тасқыннан бейнет көріп жатқанда жүргізушілер тасымал бағасын шарықтатып жіберген
Тасқыннан туған үйлерін тастай қашуға мәжбүр болып, көпшіліктің қолдау-демеуіне күні түсіп отырған жұрттың көз жасына қайық жүздіргісі келетіндер де кездеспей жатқан жоқ. Көңілге сыз түсіретін осындай бір оқиғаны облыстың бас имамы баяндап берді.