Халық қалаулысы су тасқынынан зардап шеккен көп балалы отбасыға баспана жалдап берді 

Халық қалаулысы су тасқынынан зардап шеккен көп балалы отбасыға баспана жалдап берді 

Арқалық қаласындағы төтенше жағдай іс-қимылдарында халық қалаулылары да белсенділік танытытып жатыр. Ел қамы үшін еңселі іс атқарып жүрген депутаттардың бірі – Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Абыл Ерденов.

Ол қаламыздағы жатақханада су тасқынынан зардап шеккен Екідің, Қызылжұлдыз ауылдарының тұрғындарымен әңгімелесіп, өтініштерін тыңдады.

 «Су тасқынынан зардап шеккен адамдарға Арқалық қаласы әкімдігі және барлық халық тарапынан көмек көрсетіліп жатыр. Бірінші күннен бастап, ыстық тамақ және арнаулы есепшотқа қайырымдылық мақсатымен қаражат аударып жатыр. Қиын шақта елдігіміз сыналу үстінде. Біздің күшіміз бірлікте! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», – дейді облыстық мәслихаттың депутаты Абыл Ерденов.

Депутат өз отбасының атынан қиын жағдайда қалған Қызылжұлдыз ауылының көп балалы бір жанұясын қамқорлығына алып, бір айға баспана жалдап берді.

      Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Арқалық қаласы

Жаңалықтармен бөлісу