Қызбел ауылына көмек көрсетілді

Қызбел ауылына көмек көрсетілді

Жанкелдин ауданы әкімдігінен Қызбел ауылына материалдық жәрдем жіберілді.

Ауыл іргесіндегі өзен арнасынан асып, үй-жайға қауіп төндіріп тұр. Тұрғындар күн-түнді білмей, ағынның алдын бөгеп, ауанын қадағалап отыр. Кезектесіп ауыл шетін күзетіп, қолдан келген амалды қолдану үстінде. Бүгін аудан орталығынан қызбелдіктерге материалдық көмек жолданып отыр.

“Қызыл сумен күресіп жатқан ауылдықтарға қажетті заттарды жөнелтіп отырмыз. Құм салуға арналған 3 мың қапшық, 50 жұп резеңке етік, мотопомпалар және ас-су салып жібердік”, – делінеді аудандық ішкі саясат бөлімінен жолданған хабарламада.

Әкімдік өкілдері облыс орталығынан және елдің өзге өңірлерінен гуманитарлық көмек қабылдап алып жатқанын да айта өтті.

Жаңалықтармен бөлісу