Алтынсарин ауданындағы сайлау учаскелері жабылды. Яғни, Астана уақытымен 20:00-де дауыс беру тоқтатылды.
Қарабалық ауданының құрметті азаматы отбасымен барып дауыс берді
Қарабалық ауданының құрметті азаматы Сания Қабылова апамыз учаскеге отбасымен барып, таңдау жасап, дауыс берді.
Тұрғындар зор сенім артады
Алтынсарин ауданына қарасты Силантьев ауылындағы шағын ғана №872 учаскеде 178 дауыс беруші тіркелген.
Әжелер учаскеге ұлттық киіммен барды
Биыл тұңғыш рет өтіп жатқан аудан әкімінің сайлауына егде жастағы тұрғындар белсене қатысуда. Соның ішінде аудандық “Ақниет” әжелер ансамблінің мүшелері азаматтық белсенділік танытып, Қарабалықтағы №453 учаскеге келіп дауыс берді.
Сарыкөлде Қаду Сақауовты еске алу турнирінде “Соналы” командасы жеңіске жетті
Сарыкөл ауданының Соналы негізгі мектебінде білікті директор, ұлағатты ұстаз болған Қаду Сақауовты еске алуға арналған турнирге волейболдан аудан құрамалары қатысты.
Сайлаушыларының жартысынан астамы дауыс беріп үлгерген
Қарабалық ауданындағы №453 сайлау учаскесінде саяси науқан қызу жүруде.
Арқалыққа мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілдері барды
Облыстық Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ерлан Салықбаев жаңашылдықтар хақында ауқымды ақпараттарын бөлісіп, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, әдеп тұрғысында сөз қозғады.
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
Федоров ауданының орталығында №791 сайлау учаскесінде елуінші сайлаушы келіп, өз таңдауын жасады. Тұңғыш өтіп жатқан науқаннан тұрғындар жақсы өзгерістер күтетінін жасырмайды, іс басында білетін азамат отырса дейді.
Сәлімгерей Бексейітов: “Бұл сайлау – демократияның көрінісі”
Рудныйдағы №131 сайлау учаскесінде қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Сәлімгерей Бексейітов дауыс берді.
Сексендегі қария учаскеде дауыс берді
Бүгін алғаш рет қанатқақты жоба негізінде Федоров ауданында аудан әкімі сайлауы таңғы 07.00-де барлық учаске ашылып, өз жұмысын бастады.