Әжелер учаскеге ұлттық киіммен барды

Әжелер учаскеге ұлттық киіммен барды

Биыл тұңғыш рет өтіп жатқан аудан әкімінің сайлауына егде жастағы тұрғындар белсене қатысуда. Соның ішінде аудандық “Ақниет” әжелер ансамблінің мүшелері азаматтық белсенділік танытып, Қарабалықтағы №453 учаскеге келіп дауыс берді.
Ардақты ана Роза Ержанова ауданның жарқын болашағы үшін саяси науқанға қатысуға замандастарымен бірге келгенін айтады.

“Қазір елімізде көптеген өзгеріс болып жатыр. “Ақниет” вокал ансамблі ұлттық құндылықтарымызды көрсетеміз деп әрі елдің, халықтың қамын ойлайтын азаматтарға дауыс беруге келдік. Келешек ұрпаққа үлгі-өнеге болайық деген пейілмен учаскеге бәріміз бірге келіп тұрмыз. Алдағы уақытта да қатарымыз көбейе берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Кандидаттарға үміт артамыз, сеніммен дауыс бердік”, – дейді Роза Ержанова.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

Қарабалық ауданы

Жаңалықтармен бөлісу