Қарабалық ауданының құрметті азаматы Сания Қабылова апамыз учаскеге отбасымен барып, таңдау жасап, дауыс берді.
– Ел сайлайтын тәртіп қайтып келгеніне қуаныштымын. Дұрыс деп ойлаймын. Ел танитын адамды сайласақ ісіне жауапты болады. Халық талаптарын қоя алады. Былтыр ауыл әкімдерін сайладық. Биыл бізге аудан әкімін сайлау бақыты бұйырыпты. Оған отбасымен келіп, таңдауымызды жасап жатырмыз. Бұл халықтың, басшыларға, Президентке деген сенімін нығайта түседі, – дейді ауданның құрметті азаматы.
Сания апа учаскеге балаларымен қоса немере-шөберелерін де ерте келіпті.
Шұға Қоңқабай,
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев
Қарабалық ауданы