Костенко шахтасындағы апаттан кейін 11 адам әлі де іздестіріліп жатыр.
29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімен 29 қазан – Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
Президент шет мемлекеттер басшыларына алғыс айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы қайғылы оқиғаға орай көңіл айтқан барлық шет мемлекеттер басшылары мен қазақстандықтарға ризашылығын білдірді
Кеншілер іздестіріліп жатыр
Қазір Қарағандыдағы шахта жарылысында опат болған 33 кеншінің сүйегі табылып отыр. 13-і іздестірлуде деп хабарлайды Хабар 24 kz.
БАС МҮФТИ ШАХТАДАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАҒА БАЙЛАНЫСТЫ КӨҢІЛ АЙТТЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасына, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ауруханаға барып, зардап шеккен кеншілердің жағдайын білді
Қазіргі уақытта Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада зардап шеккен 20 кенші қажетті ем алуда. Олардың басым бөлігі газбен уланған, алайда барлығының жағдайы – тұрақты.
Мемлекет басшысы жедел штабтың отырысын өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына қарасты Костенко атындағы шахтада болған апат салдарын жою жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді.
Президент үкіметке апатқа қатысты тапсырмалар берді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сондай-ақ, кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтып, Үкіметке олардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.
29 қазан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бүгін, 28 қазанда Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болды. Болжам бойынша, лавада газ метан жарылған.
Әлемде қазақ ұлты біреу болса, оның отаны да жалғыз
Жақында Астана қаласында Сыртқы істер министрлігіне қарасты республикалық «Отандастар» қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастырған «Отандастар» форумы өтті. Атажұртта сырттағы қандас-қазақтардың басын қосқан осы айтулы жиынға қатысып қайтқан «Отандастар» қорының Қостанай облысы бойынша фронт -кеңсесінің сарапшысы Нәзира Жәрімбетова редакцияның бүгінгі қонағы болып отыр.