Редакциямызға «Қостанай таңының» оқырмандарына арналған ұтыс ойынының жеңімпазы Әлия Шененованың жақыны Гүлжан Әбдікәрімова келді.
Қызықты кездесу – әжелердің айтары көп…
Біздің қалада «Асыл мұра аманаты» қоғамдық қоры бар. Онда кимешек киген әжелеріміз бас қосқан.
Жасөспірімдер ел тарихымен танысты
Республика күнінің құрметіне облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Егемен ел шежіресі» атты зияткерлік тимбилдинг өтті. Іс-шараға №19 жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты.
Арқалықта төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған дәріс өтіп жатыр
Онда Қостанай облыстық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Арқалық қаласының шұғыл әрекет ету және азаматтық қорғау жасақтарына, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарының өкілдеріне төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша егжей-тегжейлі түсіндіруде.
Қазыналы тұлғалардан тағылым
Жітіқарада аға буын ақындар мен өскелең ұрпақ арасындағы сабақтастықтың ізгі нышанындай келелі жиын өтті. Абыз ақсақал, ақын, жырау, майдангер Қасымхан Алдабергенов, елге танымал ақындар – Серікбай Оспанұлы мен Ақылбек Шаяхмет оқушылармен, мектеп ұжымымен кездесіп, жас тыңдармандарын жыр-өлеңмен сусындатып, рухани әңгіме қозғады.
«Қостанай таңына» Диана дән риза
Жітіқаралық Диана Әменоваға 2023 жылы «Қостанай таңы» газетіне жазылу науқанына қатысып, ұтыс ойынының жеңімпазы атанғаны үшін жүлдесі табыс етілді.
Ертеңнен бастап электр энергиясына жаңа тариф енгізіледі
«КОСТАНАЙЭНЕРГО» ЖШС 2023 жылғы 1 қарашадан бастап электр энергиясына жаңа тарифтер қолданысқа енгізілетінін хабарлады.
«Cyber pol» зейнеткерден депозит ұрлаған адамды ұстады
Полицияға 66 жастағы зейнеткер хабарласып, депозитінен 2 миллион 800 мың теңге ұрланғанына шағым түсірген.
Қауіптен қорғайтын құрылғы әлі де қажет
Жылу беру кезеңі басталғаннан бері қала аумағында 6 өрт тіркелген. Алдын алу шарасының арқасында адам шығыны болған жоқ. Әкімдікте өткен жиында қалалық ТЖ басқармасы басшысының м.а. Аслан Махмұтов осы жөнінде баяндады.
Жол үгітіліп жатыр
Рудныйда мердігер серіктестік жаңбыр жауғанына қарамастан тас жол төсеген. Ұйымға ТКШ бөлімінен және «Лир» ЖШС техникалық қадағалау тарапынан Фролов көшесіндегі қиыршық тас пен құм қоспасы кепкенге дейін жұмысты тоқтатуға ауызша ескерту жасалыпты. Алайда, «Royal Riches» ЖШС оған құлақ аспаған.