“Cyber pol” зейнеткерден депозит ұрлаған адамды ұстады

 “Cyber pol” зейнеткерден депозит ұрлаған адамды ұстады

Полицияға 66 жастағы зейнеткер хабарласып, депозитінен 2 миллион 800 мың теңге ұрланғанына шағым түсірген.

Оқиға былай болыпты. Әйел пәтеріндегі су тазарту сүзгілерін ауыстыруды ұйғарған. Осы жұмыстармен айналысатын екі жігіт оның үйіне бірнеше рет келіп, зейнеткердің жалғыз тұратынын көреді. Келесі сапарында орнатылған жабдықты тексеру үшін олардың бірі зейнеткерде қолма-қол ақша болмағандықтан, телефон арқылы қызмет ақысын төлеуді сұраған. Төлем жасау үшін «Шебер» зейнеткердің телефонына банк қосымшасын орнатуды ұсынды.

Зейнеткер сенім артып, жеке куәлігін тапсырған. Ол құжатпен жас жігіт тексеруден өтіп, ақшаны депозиттен таныстарының шоттарына аударған.

Бірнеше күннен кейін зейнеткер ХҚКО-ға жүгінген кезде ақшаның жоғалғанын анықтады. Бұл қылмысты ашумен облыстық ПД “Cyber pol” арнайы полиция бөлімшесі айналысқан.

Тәртіп сақшылары облыс орталығындағы су сүзгілерін ауыстыратын жеке компанияда жұмыс істеген 28 жастағы Федоров ауданының тұрғынын анықтап, ұстады. Осы уақытқа дейін ол ұрланған ақшаға қымбат заттар мен телефон сатып алып, жұмсап үлгерген. Полицейлер оның бұрын алаяқтық әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта полицейлер сыбайласты анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-тармағының 4-тармағында көзделген “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция облыс тұрғындарына қауіпсіздік шараларын тағы бір рет ескертеді: бейтаныс адамдарға сенбеңіз және жеке деректеріңізбен бөліспеңіз! Осылайша сіз өз мүлкіңізді қорғайсыз. Осындай әрекеттерге тап болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз!

Облыстық полиция департаменті

Жаңалықтармен бөлісу