Онда Қостанай облыстық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Арқалық қаласының шұғыл әрекет ету және азаматтық қорғау жасақтарына, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарының өкілдеріне төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша егжей-тегжейлі түсіндіруде.
«Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес бүгін Арқалық қаласына келіп, үлкен іс-шара өткізіп жатырмыз. Мұнда облыстық және қалалық азаматтық қорғау қызметтері біріктіріліп, төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған әрекет ету мүмкіндіктері жан-жақты тексеріледі. Екі күн бойы тығыз байланыста жұмыс істейміз. Өзіммен бірге облыстан арнайы қосымша топ келді. Қандай да болмасын, сұрақтарға жауап беруге дайынбыз»,– дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Жәнібек Кәрімбаев.
Еске сала кетсек, 2023 жылдың 2-3 қараша күндері елімізде «Зымыран-2023» республикалық командалық – штабтық жаттығуы өтеді. Жаттығу барысында Арқалық қаласының су тазарту және теміржол стансасы ғимараттарында мекемелердің дайындықтары, іс – қимылдары тексеріліп, бағаланатын болады.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы