2023 жылғы 30 мамырда облыс орталығында, «Қостанай» халықаралық әуежайының аумағында терроризмге қарсы жаттығулар өткізілді.
ІНДЕТТІҢ ТӨМЕНДЕУІ БАЙҚАЛАДЫ
Адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) таралу кеңістігі жыл сайын өсіп барады. Елімізде 2022 жылы аталған кеселді жұқтырған 31 мыңнан астам адам тіркелген. 2019 жылы Қостанай облысы инфекцияның таралуы жөнінен бірінші орынға шықса, қазіргі уақытта төртінші орында тұр.
Бір әннің тарихы
Қостанайда Ерсайын Нарымбаев деген сазгер тұрады. Кезінде қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың бірнеше туындысына керемет әндер жазған. Сол уақыттағы тыңдарман қауым радионың қоңыр үні арқылы «Жанарсыз адам келеді», «Алдыңнан терезеңнің жүріп өттім», «Бір-ақ күн еді» әндерін ерекше әсермен тыңдай отырып, қосыла шырқаған болар.
Тұрғындарды не алаңдатады?
Бүгінде азаматтар арасында тұрғын үй, жер қатынастары, сот ісін жүргізу, алименттерді өндіріп алу, жеке кәсіпкерлерге әкімшілік кедергілер қою және денсаулық сақтау салалары бойынша шешілмей жатқан түйткілдер өте көп. Дағдарған ел кейде осы мәселелердің жауабын кімнен аларын білмей дал болып жатады. Осының шешімі ретінде республика бойынша «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға біздің өңірімізден жүзге жуық адам […]
Лисаковта заманауи спорт кешені салынады
Лисаков қаласында бұқаралық спортты дамытуға жақсы көңіл бөлініп отыр. Дегенмен, мұнда ашылған спорт кешендерінің барлығы дерлік жекеменшік кәсіпорындардың қарамағында. Қала халқы дене шынықтыру ошақтарының тегін әрі қолжетімді болғанын қалайды. Алдағы уақытта тұрғындардың саламатты өмір салтын ұстануына жол ашатын заманауи спорт кешені салынбақ.
«Менің жерім, сенің жерің…». Қызбелдіктер неге наразы, кімге өкпелі?
«Шаруа қожалықтары өздеріне бөлінген жерді мақсатына сай пайдаланбай отыр. Өзеннің жағасына қора салып, ішер суымызды ластап болды». Қызбел ауылының ақсақалдары осылай деп дабыл қақты.
Құрылыс жыры бітер емес
Сағызша созылған құрылыстан құтыла алмайтын түріміз бар. Қостанайда бұл мәселе әлі күнге толық шешімін таппай отыр. Қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Марат Темірбаевтың айтуынша, көптеген азаматтар жер телімдерін алғанымен құрылыс жұмыстарын жылдамдатып аяқтауға асықпайды. Керісінше, ешқандай іс-әрекет жасамастан жалға алу мерзімін жылдан жылға ұзартуға әуес.
Автокөлікке VIP мемлекеттік нөмірді енді интернеттен таңдауға болады
Қазақстандықтар үшін сұранысқа ие қызметтердің бірі «беделді» нөмірлерді сатып алу болып отыр. Өткен жылы автокөлік иелері шамамен 6 млрд теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қостанай» халықаралық әуежайы ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
2023 жылғы 30 мамырда күннің бірінші жартысында Қостанай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабымен «Қостанай» халықаралық әуежайы АҚ ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізілетін болады.