2023 жылғы 30 мамырда күннің бірінші жартысында Қостанай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабымен “Қостанай” халықаралық әуежайы АҚ ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізілетін болады.
Оқытудың негізгі мақсаты террористік сипаттағы қауіптер пайда болған кезінде мемлекеттік органдардың әрекет ету дағдыларын және өзара іс-қимылын пысықтау болып табылады.
Осыған байланысты азаматтардан тыныштық сақтауды және мемлекеттік органдардың ресми ақпаратын басшылыққа алуды, өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
Қостанай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы.