Балалардың жағдайы қалыпты
Басты жаңалықтар, Денсаулық

Балалардың жағдайы қалыпты

Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша Шымкентте 14 баланың уланып қалуына байланысты жедел штаб құрылды. Арасында біздің облыстың балалары да бар. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Айман Ибарева Facebook-тегі парақшасына жазды.

Толығырақ
Ел үмітін ақтады
Спорт, Қостанай ақпарат

Ел үмітін ақтады

Үнді елінде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жерлесіміз Надежда Рябец қола жүлдеге қол жеткізді. Ақтық сынға жолдама алар сәтте төрешілердің өзара келісімі бойынша қытай атлетіне жол берді. Бұлай айтуымыздың себебі, Надежда қарсыласынан екі раунд бойы басым түсті.

Толығырақ
Әлеуметті қолдау – назарда
Басты жаңалықтар

Әлеуметті қолдау – назарда

Өңірде мұқтаж адамдарға қолдау көрсету мақсатында  3 мыңға жуық отбасына   300 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Максим Устинов мәлімдеді.

Толығырақ
Өңірді думанға бөлеген би фестивалі
Басты жаңалықтар, Мәдениет

Өңірді думанға бөлеген би фестивалі

Ұлыстың ұлы күнінде Тобыл-Торғай төрінде бауырлас өзбек, қырғыз, татар, башқұрт елдерінен, Қазақстанның басқа өңірлерінен және Қостанай облысынан арнайы шақырылған би ұжымдары өнерлерін ортаға салып, қаламызды екі күн бойы думанға бөледі. Жастар сарайында “Наурыз достарын шақырады” IV халықаралық хореографиялық өнер фестивалі салтанантты түрде ашылып, облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев құттықтап, ақ жол тіледі.

Толығырақ
Ауыл әкімдерін тікелей сайлау ең алдымен халық үшін маңызды
Ел пікірі

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау ең алдымен халық үшін маңызды

Сайлау қоғамды демократияландырудың маңызды институты, халықтың таңдау білдіруінің көрінісі, оның мемлекеттік басқаруға қатысуының негізгі нысанының бірі болып саналады. Осыған байланысты, 2021 жылдың 24 мамырында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу туралы заңнамаға түзетулер енгізуді көздейтін заңнамалық актілерге қол қойды. 5 маусымнан бастап сайлау заңнамасының жаңа нормалары күшіне енді. Тікелей сайлау не үшін керек? […]

Толығырақ
Полиция департаментінде мереке күндері өңірде жедел қалыптасқан жағдай туралы айтылды
Басты жаңалықтар, Құқық

Полиция департаментінде мереке күндері өңірде жедел қалыптасқан жағдай туралы айтылды

Мереке күндері Қостанай облысында 22 қылмыс ашылды.  Оның ішінде бұрын жасалған 10 қылмыс бар.​Мәселен, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 34 жастағы күдікті анықталды. Ол Қостанайдағы пәтерлердің бірінен ақша және зергерлік бұйымдарды ұрлап әкеткен. Шығын сомасы 1 млн 200 мың теңгені құрады. Ұрланған зат тәркіленді.

Толығырақ
Олимпиада кезінде қостанайлық оқушылар уланып қалды
Білім, Басты жаңалықтар

Олимпиада кезінде қостанайлық оқушылар уланып қалды

Бұл туралы Қостанай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. «21 наурыздан бастап балаларға білікті медициналық көмек көрсетілуде, зертханалық зерттеулер жүргізіледі. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақты», – делінген хабарламада.

Толығырақ
Қазақстанда ит пен мысық асыраушылар үшін жаңа ереже бекітілді
Басты жаңалықтар, Қостанай ақпарат

Қазақстанда ит пен мысық асыраушылар үшін жаңа ереже бекітілді

Нормативтік құқықтық актілер сайтында “Үй жануарларын ұстау мен серуендетудің қағидаларын бекіту туралы” бұйрыққа түзетулер жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Толығырақ
Жамбыл жырлаған эпос жапон тіліне аударылды
Басты жаңалықтар, Қостанай ақпарат

Жамбыл жырлаған эпос жапон тіліне аударылды

«Қыз Жібек» жырының Жамбыл Жабаев жырлаған нұсқасы жапон тілінде жарық көрді. Туындыны аударған Жапонияның Фольклортанушылар ассоциациясы мен Еуразия Жазушылар Одағының мүшесі Шарафат Жылқыбаева.

Толығырақ