Ауыл әкімдерін тікелей сайлау ең алдымен халық үшін маңызды

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау ең алдымен халық үшін маңызды

Сайлау қоғамды демократияландырудың маңызды институты, халықтың таңдау білдіруінің көрінісі, оның мемлекеттік басқаруға қатысуының негізгі нысанының бірі болып саналады.

Осыған байланысты, 2021 жылдың 24 мамырында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу туралы заңнамаға түзетулер енгізуді көздейтін заңнамалық актілерге қол қойды. 5 маусымнан бастап сайлау заңнамасының жаңа нормалары күшіне енді.

Тікелей сайлау не үшін керек? Ауыл әкімдерін тікелей сайлау ең алдымен халық үшін маңызды екенін атап өткім келеді. Біріншіден, әкімдердің тұрғындар алдындағы жауапкершілігі артады, өйткені оларды жергілікті халық тікелей таңдайтын болады. Екіншіден, тұрғындар өздерінің туған ауылдарының өміріне белсенді қатыса алады.

Жалпы, ауылдық деңгейдегі әкімдердің сайлауын жанама сайлау жүйесінен тікелей сайлау жүйесіне өзгертілуінің басты себебі жергілікті халықтың басқару жүйесіндегі белсенділігін арттыру және еліміздегі демократиялық процестерді одан әрі дамыту ретінде қарастыруға болады.

Осындай демократияландыру процессі еліміздің тұғырын көтереді және әлеуметтік тұрақтылық орнатады!

Руслан ЖҮСІПОВ,
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің
қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы

Жаңалықтармен бөлісу