Ел үмітін ақтады

Ел үмітін ақтады

Үнді елінде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жерлесіміз Надежда Рябец қола жүлдеге қол жеткізді. Ақтық сынға жолдама алар сәтте төрешілердің өзара келісімі бойынша қытай атлетіне жол берді. Бұлай айтуымыздың себебі, Надежда қарсыласынан екі раунд бойы басым түсті.

Екінші кезекте екі төрешіден басқасы қазақстандық былғары қолғап шеберін жақтап тұрған. Қалыпты жекпе-жектің үшінші раундынан кейін төрешілер көңілі қытайлық қызға ауды. Осындай әділетсіздік төңірегінде бұған дейін Надежданың бапкерлері де айтып келген еді…

Осы жекпе-жектің алдында қостанайлық спортшы Оңтүстік Корей елінің беткеұстар үмітін айқын басымдылықпен тізе бүктірді.

Жаңалықтармен бөлісу