№10 учаскеде емхана қызметкерлері сайлаушыларға тегін қызмет көрсетуде

№10 учаскеде емхана қызметкерлері сайлаушыларға тегін қызмет көрсетуде

Бүгін ел көлемінде өтіп жатқан Құрылтай сайлауында азаматтар өз таңдауларын жасау үшін сайлау учаскелеріне келіп жатыр. Қостанайдағы №10 сайлау учаскесінде де дауыс беруге келген тұрғындарға қажетті жағдай жасалған.

Аталған учаскеде жалпы 2055 сайлаушы тіркелген. Олардың қатарында биыл алғаш рет дауыс беруге құқығы бар 18 жастағы 8 жас сайлаушы бар.
Сайлау учаскесіндегі жұмыс таңертеңнен бастап қызу жүріп жатыр. Дауыс берушілер белгіленген тәртіппен бюллетень алып, өз таңдауын жасауда.
blank
Учаскелік комиссия төрағасы Жансая Исмайлованың айтуынша, сайлаушылар белсенділігі байқалады.
– Сайлауға келушілерге барлық жағдай жасалған. Алғашқы келген және бірінші рет дауыс беріп жатқандарға сыйлықтар берілуде, – дейді ол.
blank
Сондай-ақ, емхана қызметкерлері тұрғындардың қан қысымын және қантын өлшеп, тегін қызмет көрсетіп отыр.
blank
Мәлімет бойынша, №10 сайлау учаскесінде 300-ге тарта азамат дауыс беріп үлгерген.