Облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырбек Ахметов Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Ол жаңа бір палаталы өкілді орган елдің саяси жүйесінде маңызды рөл атқарып, мемлекет дамуына елеулі ықпал етеді деген сенім білдірді.
«Бұған дейінгі екі палаталы парламент өз міндетін атқарып болды, ал қазір орнына бір палаталы парламент – Ұлттық құрылтай қайта жаңғырып құрылуда. Сондықтан бұл Ұлттық құрылтайдың маңызы зор. Оның мемлекет тарихында орасан зор ықпалы болады деп есептейміз. Қазір бұл алқалы жиынға сайланып жатқан депутаттардың бәрі – жаңа адамдар. Олар Жаңа Қазақстанды құруға елеулі үлес қосады деген үмітіміз бар. Құрылтайға сайланғаннан кейін әр партия өз бағдарламасын әзірлеп, халыққа таныстырып, белсене жұмыс істейді. Жаңадан сайланатын депутаттарға сәттілік пен табыс тілейміз», – деді облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырбек Ахметов.
