“Жыр алыбы – Жамбыл” интеллектуалды сайысы өтті

“Жыр алыбы – Жамбыл” интеллектуалды сайысы өтті

Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай «Жыр алыбы – Жамбыл» атты интеллектуалды сайыс өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын кеңінен насихаттау, қатысушылардың рухани танымын арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Атап айтқанда, «Жамбыл кім?» кезеңінде қатысушылар жылдам сұрақтарға жауап берсе, «Сөзден – жырға» бөлімінде шығармашылық шеберліктерін көрсетті. «Ақиқат па, аңыз ба?» кезеңі арқылы білімдерін сараласа, «Эмоциямен оқы» бөлімінде ақын өлеңдерін мәнерлеп, әсерлі жеткізе білді. Ал соңғы «Жамбылға хат» кезеңінде қатысушылар ақынға арнаған жүрекжарды тілектерін жолдады.

blank Сайысқа қатысушылар екі топқа бөлініп, өзара тартысты әрі мазмұнды бәсеке көрсетті. Әділ-қазылар алқасының шешімімен І орынды «Жас қырандар» тобы (Боранбайұлы Аслан, Амантайұлы Думан) иеленсе, ІІ орын «Жалын» тобына (Мергенбайұлы Аслан, Абилдин Ержан) бұйырды.

blank blank Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.

Сайыс соңында Тілдерді оқыту орталығының директоры Жансауле Жанабілқызы сөз сөйлеп, қатысушыларға алғыс білдіріп, алдағы уақытта да осындай рухани-танымдық шаралар жалғасын табатынын атап өтті.

Камшат Рахымжанова,

Мемлекеттік тіл оқытушысы

Амангелді ауданы