«Ауыл» партиясы Қостанай өңірлік филиалының төрағасы «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалиция мүшелерімен бірге Мендіқара ауданындағы «Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Нұркелген Әбдрашұлы ұжымға жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасындағы білім саласына қатысты өзгерістерді, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, балалардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік кепілдіктерді күшейту бағытындағы нормаларды түсіндірді.
Сондай-ақ, реформалардың негізгі мақсаты – сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету, педагог мәртебесін қолдау және өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау екені атап өтілді.
Ұжым тарапынан қойылған сұрақтарға комиссия мүшелері толыққанды жауап беріп, референдумның маңызы мен әр азаматтың белсенді қатысуының қажеттілігі жөнінде пікір алмасты. Кездесу ашық әрі мазмұнды форматта өтті.
