Жылу компаниясында алғашқы көшпелі мобильді қоғамдық қабылдау өтті

Жылу компаниясында алғашқы көшпелі мобильді қоғамдық қабылдау өтті

«ҚЖЭК» мекемесінде AMANAT партиясының мобильді қоғамдық қабылдауының бірінші көшпелі қабылдауы өтті.

Іс-шараға AMANAT партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жанар Куйшинова, қалалық мәслихат депутаты Гүлфия Дандыбаева, қала мен облыстың мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ Halyk-Life қызметкерлері қатысты.

Қабылдау барысында кәсіпорын қызметкерлері АӘК, білім беру, ТКШ, жаяу жүргіншілер өткелі мәселелері бойынша сұрақтар қойып, заңгерлік көмек алды.

Кездесу барысында көтерілген өзекті мәселелердің бірі сол жерде шешімін тапты. 27 сәуірден бастап №27 бағыттағы автобус күшейтіледі. Қарбышев көшесі бойынша Складская-Автовокзал бағытына үш жаңа, кең автобустар шығатын болады. Бұған дейін бұл бағыттағы автобустар кіші әрі жолаушыларға толып жүретін.

Мұндай көшпелі қабылдаулар тұрғындардың мәселелерін жедел шешуге, кері байланысты нығайтуға және қалалық ортаны жайлы етуге жол ашады.