Журналистика ардагерінің 80 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Журналистика ардагерінің 80 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Ахаң атындағы Қостанай өңірлік университет қабырғасында журналистика мен PR-дың өзекті мәселелеріне арналған VIII Халықаралық конференция өтті.

Бұл шара құрметке толы мерейтой иесі Сергей Васильевич Харченконың 80 жылдығына арналды.

Сергей Васильевич Харченко тіршілігі мен кәсіби жолын толықтай Қазақстанмен байланыстырған журналист-ғалым.

Ол ұлт баспасөзінің дамуына елеулі үлес қосқан қайраткер. 1987 жылы «Ленинский путь» газетіне келіп, кейін сол журналдың редакторы болған еңбек жолы – күрделі кезеңдерден өткен журналистік белес.

Қайта құру, нарықтық жағдайдың қалыптасуы, бейтараптыққа ауысу секілді күрделі кезеңдерде, ол өзінің шығармашылығымен және басқару қабілетімен аймақ баспасөзін сақтап қалды.

blank blank

1995 жылы доктор социология ғылымдарынан дәрежесін қорғаған Харченко ғылыми-зерттеу ісін журналистика қызметімен қатар табысты ұштастырған жан. Оның монографиялары мен мақалалары әлеуметтік көңіл-күй, әлеуметтік өзгерістер мен өңірлік интеграция тақырыптарын қамтиды. Осының арқасында ол Қазақстан, Украина және Кеңес Одағы республикаларының мемлекеттік марапаттарына ие болды.

blank blank blank

Конференцияның ашылуында университет ректоры Сейітбек Қуанышбаев қатысушыларды құттықтап, конференцияның рухани-ғылыми мәніне тоқталды. Арнайы сөз алған журналистика саласының майталмандары Жанұзақ Аязбеков, кафедра ардагерлері Ольга Кунгурова мен Алматай Жүсіпова туған ортаны, саланы дамытудағы еңбектерін атап өтті.

blank

– Бұл басқосу өте маңызды, мазмұнды өтіп жатыр. Университет ректоры Сейтбек Қуанышбаев өз сөзінде мерейтой иесінің өмір жолын терең ашып, журналистикадағы еңбегін жоғары бағалады. Республикаға танымал, біз үшін қадірлі ұстазымыз әрі замандасымыз – Сергей Васильевич Харченконың 80 жылдығын атап өтпеуге қақымыз жоқ еді. Бұл – жай ғана мереке емес, тұтас бір тарихи кезеңге жасалған тағзым, – деді танымал журналист Жанұзақ Аязбеков. – Сергей Васильевичті жиырма жылдан аса уақыттан бері білемін. Осыдан 64 жыл бұрын Қостанай өңіріне тың игеру кезеңінде келген еді. Қарапайым тас қалаушы ретінде еңбек жолын бастап, бүгінде ғалым дәрежесіне жетті. Журналистикада өзіндік қолтаңбасы, сара жолы бар тұлға.

Ардақты профессор Сергей Харченко өзінің 80 жылдық мерейтойында сөз сөйлеп, қонақтар мен әріптестеріне алғысын білдірді, журналистикадағы өз жолы мен болашақ жоспарлары туралы әсерлі ойларымен бөлісті.

blank

Сондай-ақ конференция шеңберінде өңірлік медиа даму тенденциясы, қазақ тіліндегі баспасөздің болашағы, цифрлық журналистиканың маңыздылығы, кадр даярлау және жергілікті басылымдардың қоғамдық миссиясы туралы баяндама жасалды.

«Қостанай таңы» газетінің директоры – бас редакторы Кенжеш Аманова конференция барысында өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік миссиясы мен қоғамда қоғамдық пікір қалыптастырудағы орнына ерекше тоқталды.

blank

Оның айтуынша, қазіргі таңда жергілікті басылымдар тек жаңалық таратушы ғана емес, халық пен билік арасындағы дәнекер, әділдік іздеген жұрттың үміт артар мінберіне айналып отыр.

– Қоғамның тынысын дөп басып, ел ішінде туындаған мәселелерді тереңінен қозғай білу – журналистиканың басты мақсаты. Ал бұл бағытта нәтижелі жұмыс істеу үшін кәсіби кадрлар қажет, – деді Кенжеш Оразғалиқызы.

Ол сондай-ақ кадр мәселесіне қатысты өзекті жайттарды ашып көрсетті.

blank blank

Бүгінде қазақ тілінде еркін жазатын журналистермен қатар, SMM мен цифрлық контент жасауға бейімделген мамандар жетіспейді.

– Универсалды, мультимедиалық журналистикаға бейім қазақтілді мамандардың аздығы ортақ мәселе. Бұл – тек редакциялардың емес, жоғары оқу орындарының да араласуын талап ететін жүйелі түйткіл. Сонымен қатар, мемлекеттік тілге сауатты аударма жасай алатын, тілді кәсіби деңгейде меңгерген SMM мамандарын даярлау күн тәртібіндегі басты міндеттердің бірі, – деді бас редактор.

«Наш Костанай» газетінің бас редакторы Асқар Жабаев облыстық баспасөздің міндеттері мен қиындықтары туралы нақты мысалдармен дәлелдеді.

blank

Сонымен қатар, конференцияға қатысушылар Сергей Васильевичпен қатар жұмыс істеген әріптесі Галина Ким жүрекжарды естеліктерімен бөлісті.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Суреттерді түсірген – Айдана МАРАТ