Журналистерге арналған қарулы экскурсия

Журналистерге арналған қарулы экскурсия

Облыстық полиция департаменті журналистер қауымын кәсіби мерекесіне орай ерекше форматта құттықтады. Облыстағы баспа және телеарна ұжымдарының тілші, редакторларынан құралған топ арнайы экскурсияға қатысып, өздерін бір күнге арнайы жасақ сарбазы ретінде сезінді.

Экскурсия барысында БАҚ өкілдері жылдам қимылдау жасағының полигонында қару-жарақпен танысып, қолдарына нақты әскери құралдарды ұстап көрді.

Мектеп кезіндегі алғашқы әскери дайындық сабағынан бері қолына қару ұстамаған «Қостанай» телеарнасының жас редакторы Нұрдәулет үшін бұл тәжірибе ерекше болды. Ол гранатаны қолына ұстап, кәсіби жауынгерше әрекет етіп, нұсқаушының кеңесімен өз-өзіне келіп, нысананы дәлдеп лақтырды.

blank

«Енді қалғаны – көздеген тұсқа лақтыру ғана еді», – дейді ол әсерін бөлісіп.

Іс-шара барысында жылдам қимылдау жасағының взвод командирі Ернұр Сәбитұлы журналистерге қарудың құрылымы мен қауіпсіздік ережелері туралы кеңінен түсіндірме жүргізді.

blank

Әсіресе, қыз-келіншектер жағы атып көруге ерекше қызығушылық танытты. Бұл жаттығуға қатысушылардың арасында ҚР Журналистер одағы облыстық филиалының төрайымы Александра Серғазинова да болғанын айта кетейік. Ол калибрлі автоматпен алғаш рет өзін сынап көрді. Басында жүрексінгенімен, арнайы нұсқаулық бойынша нысаналарды дәл көздеп, нық әрекетімен көзге түсті. Мергендік танытқан маман винтовка туралы өз әсерімен былай бөліседі:

blank

«Қарудың жеңілдігі мен ату дәлдігіне таңғалдым. Алғашында сәл қобалжығаным рас, бірақ нысанаға тиген алғашқы оқтан кейін сенімділік пайда болды. Инструкторлар барлық қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, кәсіби қолдау көрсетті. Бұл қарудың мықтылығы мен ыңғайлылығын өз көзіммен көрдім», – дейді ол.

Жаттығу алаңында өткен қару таныстыру барысында взвод командирі CZ P10 F үлгісіндегі тапанша жайында өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, бұл қару — заманауи талаптарға толық жауап беретін, қолайлы әрі сенімді үлгі.

«CZ P10 F тапаншасы – дәлдігі мен сенімділігі жоғары, толық өлшемді (full size) модель. Ұстауға ыңғайлы, балансына қарап-ақ көздеудің жеңіл екенін байқайсыз. Ұңғы ұзындығы – 114 мм, ал жалпы ұзындығы – 203 мм. Бұл – тапанша үшін өте ыңғайлы өлшем. Оқжатарында 19 патрон, бұл – бірден бірнеше нысанаға оқ жаудыруға мүмкіндік береді. Осындай қуатты әрі ыңғайлы қарумен қаруланған сарбаз сенімді әрекет ете алады. Қарудың салмағы да аса ауыр емес – бар болғаны 825 грамм. Яғни, ұзақ уақыт бойы алып жүруге қолайлы», – дейді взвод командирі.

Ол бұл қарудың эргономикасына, дәл ату мүмкіндігіне және қауіпсіздік механизмдеріне де тоқталды. Бұл қаруды қолда ұстап тұрғанның өзі сенімділік береді. Түсіріп алуға қиын, шүріппесі жұмсақ әрі нақты.

blankНысананы дәл көздеуге арналған шүмек пен қарауыл аралығы да өте ыңғайлы орналастырылған. Осыған қарап-ақ CZ P10 F – әскери қызметкерлер үшін де, арнайы операциялар үшін де сәтті таңдау деп сеніммен айтуға болады.

blank  blank  blank blank blank blank blank  blank blank blank Әскери жаттығу кезінде аты-жөнін жарияламауды сұраған арнайы жасақ сарбазы SIG SAUER MCX винтовкасының ерекшеліктеріне тоқталды:

«SIG SAUER MCX — біз үшін таптырмас қару. Қазіргі заманғы талаптарға толық сай, сенімді, әрі икемді. Ең бастысы – бұл винтовканың 7,62×39 мм калибрмен жұмыс істеуі, яғни қуатты және тосқауылды оңай бұза алады. Ұңғы ұзындығы – 410 мм, бұл оны жақын және орта қашықтықта тиімді пайдалануға мүмкіндік береді», – дейді ол.

Сарбаздың айтуынша, винтовканың газбен қайта оқталатын жүйесі қарудың жұмыс істеу сенімділігін арттырады.

blankОқ-дәрі газдарын бұрып қайта оқтау жүйесі винтовканың тез және іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Біз үшін бұл өте маңызды – операция кезінде кішкентай кідірістің өзі қауіпке айналуы мүмкін.

blankСарбаз SIG SAUER MCX винтовкасының техникалық артықшылықтарын да ерекше атап өтті:

«Қарудың салмағы небәрі 3,6 кг – бұл ұзақ уақыт алып жүруге ыңғайлы. Ату жылдамдығы – минутына 800 оққа бейімделген. Ал оқтың бастапқы ұшу жылдамдығы – 914 м/с. Бұл – жоғары дәлдік пен қарқындылықты көрсетіп тұр. Біз 500 метрге дейінгі қашықтықта нысананы дәл көздей аламыз», – деді сарбаз.

Сарбаз винтовканың телескопиялық, жиналмалы дүмін де ерекше атады.

«Оқ-дәрі газын бұрып қайта оқтау механизмі, 7,62×39 мм калибр, жеңіл салмағы мен жиналмалы телескопиялық дүмі – біз үшін таптырмас артықшылықтар. Бұл винтовкамен 500 метрге дейінгі нысананы оңай көздейміз», – дейді ол.

SIG SAUER MCX – тек кәсіби сарбаздар үшін ғана емес, қарудың сенімділігі мен тұрақтылығын бағалай білетіндердің таңдауы.

blankПолигондағы тыныштықты бұзған – қара киінген арнайы жасақтың сап түзеп, жаттығу алаңын кесіп өтуі еді. Олар – апатты жағдай кезінде әрекет ететін құпия барлау қызметінің жауынгерлері. Арнайы көлікпен сап түзеген бұл жасақ — бейбіт күннің батырлары еді.

blankОсындай форматтағы экскурсия тек мерекелік тарту емес, журналистер мен тәртіп сақшылары арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды. Тәжірибелік әсер мен шынайы эмоцияға толы бұл күн тілшілер үшін ұмытылмас әсер қалдырды.

Айбек ЖҮЗБАЙ