Жітіқаралық келіншек нанның ақшасын картамен төлеу үшін алма сатып алуға мәжбүр болды

Жітіқаралық келіншек нанның ақшасын картамен төлеу үшін алма сатып алуға мәжбүр болды

Облыс тұрғындары дүкенмен есеп айырысу үшін жақын маңдағы банкоматтарды іздеуге мәжбүр. Мәселен, кейбір Жітіқараның дүкендерінде сатушылар қолма-қол ақшасыз есеп айырысудан бас тартып жатыр. Мұның басты себебі, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда мобильді ақша аударымдары тексеріле бастағанын екені белгілі.

Жітіқарада бір тұрғын нанның ақшасын карточкамен төлеу үшін ( үйінде алма жеткілікті болғанына қарамастан) алма сатып алуға тура келді. Өйткені бір нанның жалпы сомасы тым аз болған.

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіргендей, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады, өйткені “төлемдер және төлем жүйелері туралы” Қазақстан Республикасы Заңының нормаларында төлемнің әртүрлі тәсілдері-банк картасымен, QR төлемімен немесе қолма-қол ақшамен көзделген (25-бап).

Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген: бірінші рет ескерту, қайталап бұзған жағдайда-147 680 теңге (40 АЕК) мөлшерінде айыппұл (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 194-бабы).

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы Мемлекеттік кірістер органдарына хабарласу қажет (Сіз өтінішті міндетті түрде растайтын құжаттармен eOtinish арқылы бере аласыз немесе Wipon cashback тегін қосымшасында, “Азаматтық бақылау –Чекті талап ет” акциясы аясында).

Тауарларды сату немесе қызмет көрсету кезінде кәсіпкерлер сатып алушыға фискалдық чек беруге міндетті. Фискалдық чекті беруден бас тартқан жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделеді.

Шағымды Wipon cashback қосымшасы арқылы берген кезде сіз 900 теңге көлемінде ақшалай сыйақы ала аласыз. Шағым жұмысқа түсуі үшін сізге картамен төлем жасаудан бас тарту немесе камераға бейнетүсірілім арқылы чек беруден бас тарту туралы дәлел ұсыну қажет.

Шағым беру тетігін егжей-тегжейлі түсіндіру үшін Мемлекеттік кірістер басқармасына Жітіқара ауданы, Таран көшесі, 18 а немесе 2-30-90, 2-08-66 нөмірлері бойынша, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін хабарласуға болады.

@gazetakm

Жаңалықтармен бөлісу