Жасанды интеллект бағытында көптеген жаңашылдықтар енгізіліп жатыр

Жасанды интеллект бағытында көптеген жаңашылдықтар енгізіліп жатыр

Рудный индустриялық университетінің басқарма мүшесі — проректоры Айдын Сәбитов жаңа Конституция жобасын қолдайтынын атап өтті. Оның айтуынша, құжат заманауи талаптарға сай әзірленген және білім, ғылым мен инновацияны дамытуға ерекше мән береді.

«Жаңа Ата заңның жобасы қазіргі заманға сай жасалған. Мысалы, жаһандану мен цифрландыру үдерісі қарқынды жүруде. Бүгінде ақпараттарды сақтау, дереккөздерді қорғау, жасанды интеллект бағытында көптеген жаңашылдықтар енгізіліп жатыр. Әлеуметтік желілер пайда болды. Сондықтан қазір Конституциялық деңгейде ұсынылып отырған жобалар барлық заманауи талаптарға сәйкес келеді. Сонымен қатар, бізге ең ұнайтыны ғылым мен білім, инновацияның дамуына жасалып отырған басымдық. Мемлекет енді алдыңғы қатарға, бірінші кезекте білімді, ғылымды дамыған және бәсекеге қабілетті ел құруды қойып отыр», — деді Айдын Сәбитов.