Көкалат ауылының тумасы Бүтінбай Смайлов — «Жанбақыт» атты жеке шаруа қожалығының төрағасы. Мал өсірумен айналысады. Алдыңғы жылы су апаты кезінде малдары суға кетіп, көп шығынға ұшырады. Алайда, үкіметтің арқасында шығынның бәрі қайта орнына келді.

«Ауылымыздың жағдайы жақсы. Көшелерімізге жол салынып жатыр. Осы ауылда туып — өскен азамат болғандықтан қуанышымызда шек жоқ. Таза су әр үйге тұрақты келіп тұр. Үйімізде қаладағыдай тұрмыс кешіп жатырмыз. Ел қамын ойлап, ауыл халқының жағдайын ескерген басшыларымызға зор алғысымызды білдіреміз», – дейді кәсіпкер.
Көкалат ауылының түлектері туған жерге тартуларын жасап тұрады. Мысалы, ауыл түлектерінің күшімен салынған «Жас терек» саябағы қазір жастардың сүйікті демалыс орнына айналған.
Әлеуметтік саладағы осы құралыптас игі істер жастардың ауылда тұрақтап қалуларына бірден бір себепкер.
Елін, жерін сүйетін азаматтары барда, талай дарынды ұрпақты дүниеге әкелген тарихи мекен — Көкалат ауылының болашағы да жарқын болмақ. Материалдың толық нұсқасын газеттің бүгінгі санынан оқыңыздар.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Жанкелдин ауданы
