Жаңа жыл қарсаңында ТЖМ қызметкерлері жүргізушіні құтқарды

Жаңа жыл қарсаңында ТЖМ қызметкерлері жүргізушіні құтқарды

Түнде Қарасу селосынан 10 шақырым жерде жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып, жолда батып қалған . Содан 1995 жылы туған ер адам 112 нөмірі бойынша құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, құтқарушылар арнайы техникамен жедел келіп, автокөлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Жүргізуші медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ дауылды ескертулерге назар аударып, ауа-райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тыс жерге жолға шықпауға кеңес береді.

Аружан Берікқызы

ҚӨУ студенті

 

Жаңалықтармен бөлісу