Жаңа Конституция – ашық әрі біртұтас Қазақстанды таңдау мүмкіндігі

Жаңа Конституция – ашық әрі біртұтас Қазақстанды таңдау мүмкіндігі

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және Жалпыұлттық коалиция мүшелері Қостанай облысының этномәдени бірлестіктері өкілдерімен кездесіп, Жаңа Конституция жобасын талқылады. Дөңгелек үстелге этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, жас көшбасшылар және қоғам қайраткерлері қатысты.

Кездесу барысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жаңа Конституция жобасын әзірлеу барысының негізгі кезеңдеріне тоқталып, бұл құжат мемлекет болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, Жаңа Конституция – тек негізгі заңнамалық құжат және құқықтық акт қана емес, сонымен бірге мүдделер тепе-теңдігін айқындайтын және қазақстандық қоғамның заманауи сұранысы мен үміт-тілегін бейнелейтін қоғамдық келісімнің бір түрі.

Ол преамбулада ынтымақ, өзара құрмет және ел болашағына ортақ жауапкершілік құндылықтары бекітілгенін атап өтті. Оның айтуынша, «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидаты қоғам тұтастығын нығайтады.

Өз кезегінде, Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл Конституция жобасы Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

blank
Қостанай облысындағы «Бірлік» Әзербайжан қауымдастығының төрағасы Рафаил Гаджибалаев пен Қостанай облысындағы «Қоғамдық келісім» КММ жетекшісі Наталья Рамазанова жаңа Конституцияның мемлекет тұрақтылығын қамтамасыз ету ісіндегі маңызына тоқалды.

Кездесу қорытындысында Қостанай облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері Жаңа Конституция жобасын қолдайтындарын жеткізді.