Университет студенті сайлауға өзі құрастырған көлікті мініп келді Screenshot

Университет студенті сайлауға өзі құрастырған көлікті мініп келді

Бүгін ел өміріндегі маңызды саяси науқан – Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Осы маңызды күні өз таңдауын жасағандардың қатарында Baitursynuly University студенті Степан Пранович те бар.

Сайлауға ол төл туындысын айдап келді. Бұл болид – студенттердің ізденісі, білімі мен тынымсыз еңбегінің жемісі. Жақында ғана ҚӨУ қабырғасында таныстырылған жарыс болидін машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері бірігіп құрастырған. Сол команданың құрамында Степан да бар.

 

«Әрбір азаматтың дауысы маңызды. Әсіресе жастар үшін болашаққа ықпал ету, елдің ертеңін қалыптастыру – үлкен жауапкершілік. Бұл – менің болашағым, бүкіл еліміздің болашағы. Мен үшін сайлау бейжай қарайтын нәрсе емес!», — деп ойын білдірді ол.

Болашақ инженер ретінде студент отандық ғылым мен технологияның қарыштап дамуын, университеттің заманауи зертханалары арта түсуін қалайды.

blank

Қазірдің өзінде ҚӨУ-де студенттерге арналған жаңа зертхана жабдықталуда. Ал алдағы уақытта Қазақстанда әлі кең ауқымда өндіріле қоймаған озық өнімдерді шығару үшін заманауи пештер мен автоклавтар сияқты жоғары технологиялық құрылғылар ауадай қажет.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттер А.Байтұрсынұлы атындағы
Қостанай өңірлік университетінің
баспасөз қызметінен алынды