Бүгін №21 сайлау учаскесінде өзінің азаматтық таңдауын Қазақстанға белгілі музыкант, дирижер, режиссер және мәдениет қайраткері, Қостанай қаласы мен Қостанай облысының Құрметті азаматы Александр Сергеевич Евсюков жасады.
Александр Евсюков азаматтардың сайлау процесіне қатысуының маңызын айтып өтіп, әрбір дауыстың ел болашағы үшін маңызды екенін жеткізді.
«Бұл процеске қатысып, еліміздің болашағына өз үлесімді қосуды маңызды деп санаймын», — деді Александр Сергеевич Евсюков.
