Ұзынкөл ауданында экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды шаралар атқарылды. Бұл туралы аудан әкімі Марат Жұрқабаев баспасөз мәслихатында мәлім етті.
«Ауданда тоқсаннан астам ескі, тозығы жеткен үй сүріліп, 6 мың тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, үш балалар ойын алаңы мен воркаут кешені салынды», – деді әкім.
Бұл шаралар ауданның санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
