Арқалық қаласы әкімі аппаратының тапсырысы бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Қызметте адал, спортта мықты» атты волейболдан мемлекеттік қызметшілер арасындағы турнир жалауын көтерді.
Жарыс мемлекеттік қызметшілерді спорт түрлерімен тұрақты шұғылдануға тарту, қызметкерлердің достық қарым-қатынастарын байланыстыру және адал қызмет пен салауатты өмір салтын ұштастыруға бағытталған.
Турнирге қала мемлекеттік қызметшілерінен құралған 4 команда қатысып, бақтарын сынады.
Турнирге қала мемлекеттік қызметшілерінен құралған 4 команда қатысып, бақтарын сынады Сайыстың салтанатты ашылуында мемлекеттік әнұран шырқалып, қала әкімінің орынбасары Абзал Ташимов, Арқалық аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің офицері Арсен Нұрсұлтан құттықтау сөз сөйлеп, жарыстың бас төрешісі Қанат Қонысбаев ойын тәртібімен таныстырды.
Турнирге қала мемлекеттік қызметшілерінен құралған 4 команда қатысып, бақтарын сынады Сайыстың салтанатты ашылуында мемлекеттік әнұран шырқалып, қала әкімінің орынбасары Абзал Ташимов, Арқалық аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің офицері Арсен Нұрсұлтан құттықтау сөз сөйлеп, жарыстың бас төрешісі Қанат Қонысбаев ойын тәртібімен таныстырды.
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің спорт залында ұйымдастырылған тартысты жарыс жанкүйерлердің қошеметімен бірнеше сағатқа созылды. Нәтижесінде түрлі номинациялар бойынша үздік спортшыларға құрмет көрсетіліп, жүлделі орындар сарапқа салынды.




Атап айтқанда, ынталандыру сыйлығына №2 команда (экономика, қаржы, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту, кәсіпкерлік құрама командасы) ие болды. Жүлделі 3-ші орынды №4 команда (мемлекеттік кірістер, қазынашылық, АШМ аумақтық инспекция, ветеринариялық бақылау және қадағалау, әділет, статистика құрама командасы), 2-ші орынды №3 команда (мәдениет, ішкі саясат, білім, құрылыс, тұрғын үй, спорт құрама командасы), ал 1-ші орынды №1 команда (қала әкімі аппараты, мәслихат, ауыл әкімдіктері құрама командасы) жеңіп алды.
«Бүгінгі таңда Арқалық қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімімен қала әкімі аппаратының ұйымдастыруымен керемет спорттық іс-шара ұйымдастырылып отыр. Ойын өте тартымды, жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Алда да осындай жарыстар өткізіліп тұрса деген ниетіміз бар. Мақтанышпен айта аламыз мемлекеттік қызметшілеріміз таяуда ғана облыстағы әріптестеріміз арасында өткен спартакиадада жеңіс туын желбіретті. Мен осы мемлекеттік қызметшілер арасындағы сайыста спорттың «волейбол», «қазақша күрес», «суда жүзу» және «арқан тартыс» түрлерінен қатысып, командамыздың жеңіске жетуіне үлесімді қосқаныма зор қуаныштымын. Қазір Президентіміздің саясатына сай мемлекеттік қызмет саласына өте жас, әрі сан қырлы мамандар қабылданып жатыр. Мемлекеттік қызметшілер халқымыздың қанатты сөздерінде айтылғандай «сегіз қырлы бір сырлы» болуда. Олар күнделікті жұмыспен қатар спортты да алып жүреді», – дейді қалаға қарасты ауылдардағы жас әкімдердің бірі, «Үштөбе» ауылының әкімі Айдын Әбілов.
Марапаттарды өзі де жеңімпаз команда құрамында болып, белсенді ойын өрнегін көрсеткен қала әкімі Әмірхан Асанов өз қолымен табыстады.
Мұрат Жүнісұлы
Суреттерді түсірген – автор
Арқалық қаласы
