Әріптесімізге министрліктің сыйлығы табысталды 

Әріптесімізге министрліктің сыйлығы табысталды 

Қостанайда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай табиғат аясында мерекелік форум ұйымдастырылды. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысып, өңірдің бірқатар журналистерін марапаттады.

– Бүгін – ерекше күн. Табиғат аясында сіздермен бірге бас қосып отырғанымыз – игі дәстүрдің жалғасы. Мұндай форматты биыл да сақтап, ұйымдастырушылар жақсы бастама көтерді. Қостанай өңірінің журналистері әрдайым алдыңғы қатарда жүр. Кәсіби шеберліктеріңізбен халықтың сеніміне ие болып келесіздер. Осы аптада Мемлекет басшысы 40-тан астам БАҚ өкілін марапаттады. Сол сәтте ол жерлесіміз Міржақып Дулатұлының «Қай жұрттың, қай елдің баспасөзі күшті болса, сол жұрттың, сол елдің болашағы күшті болады» деген сөзін ерекше атап өтті, – деді Бақытжан Нарымбетов.

Форум барысында Бақытжан Нарымбетов бұқаралық ақпарат құралдарының ел тұрақтылығы мен бірлігін сақтаудағы рөліне ерекше тоқталып, журналистерге алдағы жұмыстарына шығармашылық табыс тіледі. Бірнеше БАҚ өкілдерін ҚР Журналистер одағының облыстық филиалы марапаттады.

blank blank blankМарапаттау рәсімінде «Қостанай таңы» газетінің бас редакторының орынбасары Аслан Қанғожин ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталса, басылымның фототілшісі Бердіболат Көркембаев облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды.

Қазақ баспасөзінің негізін қалаған Нәзипа Құлжанова, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы сынды ұлы тұлғалардың жолын жалғастырып келе жатқан қалам ұстаған қауымға көрсетілген бұл құрмет – олардың қоғамдағы рөлінің маңызын тағы бір мәрте айқындады. Жиын соңында журналистер мен билік өкілдері жұптасып ән шырқады.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank