Бұл жайында облыстық филиалының төрайымы Александра Сергазинова Рудный қаласында өтіп жатқан журналистердің үшінші форумында хабарлады.
Әріптесіміз Жандос Жүсіпбеков -«Қостанай таңы» жүргізіп жатқан «ТүзеТілді» жобасының авторы. Газеттегі әдеби айларды да жүргізеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын Жазушылар одағы облыстық филиалының мүшесі атанған өрелі ақын.

Сералы Мырзабай құқық мәселелерін ақпарат айдынында тербетіп жүрген қарымды журналист. Жітіқара, Рудный қалаларымен де етене байланыста.
«Жыл сайын ұйымдастырылатын форумның ажарына түрлі әр беруге тырысамыз. Ардагер тұлғаларымыздың атында спорттық турнир өткізіп тұру әріптестіктің арқасында ойдағыдай дәстүрге айналып жатыр. Осы жолы форумның шымылдығын жаңаша сипатта ашуды жөн көрдік», – деді ҚР Журналистер одағы облыстық филиалының төрайымы Александра Серғазинова.
