«Тұран» этно-фольклор ансамблі мен «Қазақконцерт» ұйымының музыканттары «Ұлы Даланың әуендері» атты Балқан турнесін Сербияның астанасында бастады.
Домбыраның төл күйлері, халық аңыздары, сондай-ақ Қазақстан мен әлем классиктерінің туындылары Сербияның бай музыкалық дәстүрімен танымал «Коларац» концерт залында шырқалды.
Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының күніне арналып, оған Сербияның саяси, дипломатиялық корпус, ғылыми және академиялық қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, бизнес өкілдері, БАҚ, мәдениет және спорт қайраткерлері қатысты.

Мәдени іс-шарада сондай-ақ Қазақстанның көрнекті әйелдеріне арналған фотокөрме ұсынылды. Серб көрермендері қазақ музыканттарының өнерін жылы қошеметпен қабылдады. Концерттік турне Ужице және Вранье қалаларындағы концерттермен жалғасады.
