Ұлттық статистика департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Ұлттық статистика департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 18 желтоқсаннан бастап Ольга Шахматова  Ұлттық статистика бюросының Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Ольга Шахматова бұл қызметке дейін аталған департаментте ауыл шаруашылығы статистикасы басқармасының басшысы қызметін атқарған. Ол өңірлік статистика саласында мол тәжірибеге ие, кәсіби білікті маман ретінде танылған.

Жаңа басшының алдағы уақытта Қостанай облысындағы статистикалық деректердің сапасын арттыруға, ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жалғастыратынына сенім мол.