Мұхтар Досболұлы Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Түркістан облысы, Қасқасу ауылында дүниеге келген. Ұлы қайраткеріміз қазақ ақын-жазушысы, драматургі, саясткер әрі қоғам қайраткері болған.
Білімі мен шығармашылық мансабы жайлы айтар болсақ, ол Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде білім алған. 1960 жылдан 1965 жылға дейін ол «Оңтүстік Қазақстан», 1965–1970 жылдары «Жас Алаш»(сол кездегі атауы “Лениншіл жас”) газеттерінде жұмыс істеді. 1969 жылдан бері Шаханов КСРО Жазушылар Одағының мүшесі еді. 1971 жылдан 1975 жылға дейін Шаханов республикалық телевизия, радио редакцияларында жұмыс істеді.1984 жылы ол «Жалын» альманахының бас редакторы, бір кездері «Жалын» журналының бас редакторы, әлем ойшылдарының басын біріктіретін «XXI ғасыр және Руханият» атты халықаралық элита клубының Президенті және Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы болып тағайындалған.
Мұхтар Шаханов бірнеше өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы болып табылады. Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған. Өлеңдерінде философиялық ой мен мән басым. Мәтінін де, музыкасын да өзі жазған «Жұбайлар жыры», «Туған күн кешінде», «Гүл дәурен», «Мен саған ғашық едім» атты әндері жұртшылыққа кеңінен таныс.
«Махаббат заңы», «Сенім патшалығы», «Сократты еске алу түні» атты драмалары республикамызда және шетел театрларында қойылған. Ш. Айтмановпен бірлесіп жазған «Құз басындағы аңшының зары» атты эссе кітабы мен «Сократты еске алу түні» атты драмасы көптеген тілдерге аударылған. «Шыңғыс ханның пенделік құпиясы» драмалық туындысы негізінде Украинаның Довженко атындағы киностудиясы екі сериялы телефильм шығарған болатын.
Халқымызды жігерлендірген
“Көтер кәне басыңды!
Күніңді босқа өткізіп пе едің?
Тағдыр неге сыр айтты сары-ау,
Өмірдің барлық сәтсіздіктерін
Бақытсыздық деп кім айтты саған?”-сөздері әрі күнге дейін,жас ұрпақтың үнінде.
Шахановтың «Өркениеттің адасуы», «Жазагер жады космоформуласы» атты романдары ЮНЕСКО шеңберінде қаралып, әлемдік деңгейде қызу пікірталас тудырды. Оның шығармалары дүниежүзінің 50-ден астам тілдеріне аударылды.
Ұлы тұлға 1988 жылы Қазақ КСР-ындағы құрылған алғаш экологиялық қозғалыстың,одан бөлек еліміз үшін аса маңызды су көздері Арал және Балқаш проблемалары жөніндегі қоғамдық комитеттің төрағасы атанған болатын.
Мұхтар Шаханов еліміз үшін 1986 жылы орын алған Желтоқсан көтерілісі аясында қазақ халқына «ұлтшыл» деп кінә таққан Кеңес Одағының Комунистік партиясы Орталық комитетінің саяси бюросының қаулысына қарсы шықты және сол Желтоқсан кезіндегі шындықты орнату жөнінде тұңғыш рет Қазақстан Жазушылар Одағының Пленумында,одан кейін КСРО халық депутаттарының І съезінде батыл мінез көрсетті. Ол,Арал жайлы сөз қозғаймын деген негізбен мінберге шығып, Арал туралы бір ауыз сөз қоспай,тек Желтоқсан оқиғасын түбегейлі жайып салған болатын және КСРО Президенті Михаил Горбачёвты Желтоқсан оқиғасын зерттеу және оған түбегейлі баға беру жөнінде жаңа комиссия құруға мәжбүрледі. Бұл комиссия КСРО билігі жүріп тұрған кездің өзінде-ақ Кеңес Одағының Комунистік партиясы Орталық комитетінің саяси бюросына Одақта бірінші боп саяси айып тақты.
1988 жылы Шаханов 1926 жылы ислам дінінің қалдығы деген желеумен КСРО тоталитарлық жүйесі тойлауға тыйым салған Наурыз мейрамының 62 жылдан соң қайта тойлануына себепшілердің бірі болды.
Ал,1989 жылғы 22 қыркүйекте Қазақ КСР «Тілдер туралы» заңын қабылдануына қатысты. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі орыс және қазақ тілдеріне бірдей мемлекеттік дәреже берген заңды қабылдап, өзгелердің қарсылғына қарамастан Мұхтар Шаханов мінберге қайта шығып сөйлеп, депутаттарды қазақ тілін жеке мемлекеттік тіл жасауға үндеген болатын және қабылданған заңның үлкен зардабы болатынын ескертті. Шаханов ұсынысы төрағаның қолдауымен дауысқа қайта еніп, қазақ тілі жеке дара мемлекеттік мәртебе иеленді.
2010 жылдан ол «Тәуелсіздікті қорғау» атты 50-ден астам қоғамдық ұйымдардың, партиялардың, баспасөз орындарының басын қосатын халықтық-демократиялық қозғалыстың төрағасы болды.
Еліміз үшін жасаған ерең еңбегіне қарамастан,ақын өз елінің мемлекеттік дәрежедегі сыйлықтарынан, Халық қаһарманы атағынан, орден, медалдарынан жүйелі түрде бас тартты,оның айтуынша,отан әр азаматтың үлкен анасы,сондықтан адам өз анасына жасаған қызметі үшін марапат күтпеуі тиіс.Қазақстан,КСРО марапаттарынан бөлек,Шаханов ағамыздың шетелдің мыңдаған марапаттары бар.Түрік,Әзірбайжан,Қырғызстан сынды тағы да басқа елдерге сіңірген еңбектері қаншама. АҚШ өмірбаян институты белгілеген 2005 жылдың «Жыл адамы» атағы берілді.Жиырмадан астам шет елдік академиялардың, университеттердің құрметті докторы, профессоры болған.Нобель сыйлығының 100 жылдығына орай Тамбов қаласында өткен «Нобель» сыйлығы лауреаттары мен нобелшілердің халықаралық конгресінде «Нобель» ақпарат орталығы, «Нобель» қоры, Ресей жаратылыс ғылымдары академиясы бірлесіп бекіткен «Нобельдің Алтын медалімен» марапатталды.Шетелдік марапаттарды қабылдауын ол,мұндай силықтар жеке адамға емес,бүкіл елге көрсетілген құрмет,сондықтан,халықаралық деңгейдегі мұндай мойындау Қазақстанның рухани беделін арттыруға ықпал етеді деп есептейтін.
Шындықты тура айтуға қорықпай,сол ерлігімен ұлтмыздың намысын қорғап,әр тұлғаға өшпес рух берді. Менің ойымша,еліміз батыл да,ержүрек адамды қажет еткен кезде,осы кісі халықтың жанында бола білді,қорған бола алды.Қаншама адам айтуға батылы жетпеген сөзді,батыр ағамыз айқай салып айтты.
Осындай ғасыр адамы күні кеше көз жұмды.Мұхтар Шахановты еліміздің қасіретті тарихы мен жарқырап тұрған әдебиет кезеңдерін қазіргі күнмен байланыстырып тұрған соңғы көпірлердің бірі санаймын.Бұл,өмірін елге арнаған тұлғамыз да жүз жылдық тарихты кейінгі ұрпақтарға қалдырып кетті. Бұл тұлғаны мақтан тұту біздің тікелей борышымыз.Ұлы ақынның есімі мен шығармашылығы ешқашан өшпейді,оның бізге мұра етіп қалдырған ерең еңбегі мәңгі өмір сүреді,жас ұрпақ Мұхтар атамыздың өлмес туындыларына жаңаша дем беріп,тынысын ашатынына кәміл сенемін.
Қош болыңыз,Мұхтар ата.Сіздің сөзіңіз-шындықтың шамшырағы еді,жырыңыз-елдің жыры еді.Сол жырыңыз,жағып кеткен шамыңыз бен үніңіз енді де сөнбейді,жүректерде жана береді.
Кәусар Оразғали,
№198 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы
