Торғайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жан жақты жүргізілуде

Торғайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жан жақты жүргізілуде

Жангелдин ауданында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық құндылықтарын дәріптеу мақсатында тағылымы мол қысқаметражды фильм көрсетілді.

Іс-шара аудан әкімінің аппаратының мемлекеттік — әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.

Фильмде сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері, заңсыз әрекеттердің салдары және әр азаматтың адал таңдау жасауының маңыздылығы көрініс тапты. Бұл – жай ғана фильм көрсетілімі емес, жастарды әділдікке үндеп, азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама. Өскелең ұрпақтың бойына адалдық, парасаттылық және заңға құрмет құндылықтарын сіңіру – жемқорлықсыз қоғам қалыптастырудың берік негізі.

Батырлан Қазым,

қатысушы:

«Көрсетілген фильм бізге үлкен ой салды. Адалдық пен әділдік – жай ғана сөз емес, әр адамның өмірлік ұстанымы болуы тиіс. Жемқорлықсыз қоғам құру өзімізден, күнделікті жасаған таңдауымыздан басталады. Біз, жастар, заңды құрметтеп, адал еңбек етуді басты қағидамызға айналдыруымыз керек. Себебі еліміздің жарқын болашағы – біздің қолымызда»

Жемқорлыққа жол жоқ. Адалдық – ардың ісі, әділдік – қоғамның тірегі. Адал жастар – әділетті қоғамның қозғаушы күші. Жемқорлықсыз болашақ бүгінгі саналы таңдаудан басталады.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Жангелдин ауданы