Қостанайдағы қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №38 мекемеге кірмек болған автокөліктен есірткі заты табылды.
Оқиға мекеменің бақылау-өткізу пунктінде болған. Қызметкерлер көлікті тексеру кезінде жүргізуші орындығының артқы жағынан оқшаулағыш таспамен оралған күмәнді затты анықтаған.
Орамадағы өзіне тән иісі бар өсімдік тектес заттың сараптама нәтижесінде жалпы салмағы 3,90 грамм марихуана екені расталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.
Департамент қызметкерлері мекемелердегі қауіпсіздік пен белгіленген тәртіпті сақтау мақсатында бақылау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Негізгі міндет – тыйым салынған заттардың түзеу мекемелерінің аумағына өтуіне жол бермеу.
