17.07.2025
TopIQ — білімге бастар цифрлы қақпа

TopIQ — білімге бастар цифрлы қақпа

TopIQ Қазақстандық электронды оқулықтар платформасы оқушылардың білім алу процесін жеңілдетеді, мұғалімдерге сабақ өткізу мен бағалауды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді, ал ата-аналар балалардың оқу үлгерімін бақылап, қолдау көрсете алады.

TopIQ платформасы 1-11 сынып оқушыларына арналған электронды оқулықтарды ұсынады. Бұл оқулықтар тек PDF нұсқасы емес, мультимедиялық мазмұнмен толықтырылған, анимациялар мен тапсырмалар арқылы білім алуды жеңілдетеді. Оқушылар платформаны кез келген уақытта, кез келген жерде қолдана алады. Бұл әсіресе қашықтан оқыту кезінде маңызды. Оқушылар тапсырмаларды орындап, нәтижелерін бірден көре алады, бұл өз білімін бағалауға мүмкіндік береді.

Өз тәжірибемде TopIQ электронды оқулығын үнемі пайдаланып отырамын. Сынып бөлмесіндегі интербелсенді тақтаның көмегімен оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, жауаптарының дұрыс не бұрыстығын бірден біліп отырады. Платформа мұғалімдерге сабаққа дайындықта көмек көрсетеді, әдістемелік материалдар мен ресурстарды ұсынады. Тапсырмалардың автоматты бағалау жүйесі мұғалімдердің жұмысын жеңілдетеді, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Платформаның ата-аналар үшін көмегі оқушылардың үлгерімін бақылай алады, қажет болған жағдайда көмек көрсете алады.

 

 Дидар Ағытаева,

«Абай атындағы ЖББМ» бастауыш сынып мұғалімі

Қостанай қаласы