Қостанайдағы КІА зауытына бас корпорацияның вице-президенті келді

Қостанайдағы КІА зауытына бас корпорацияның вице-президенті келді

Қостанай облысында елдегі алпауыт өнеркәсіптік жобалардың бірі – КІА автозауытының іске қосылар уақыты таяп келеді. Қазір нысан құрылысы ерекше қарқынмен жүріп жатыр. Кәсіпорынның қазіргі жай-күйімен танысу үшін KIA Corporation корпорациясының атқарушы вице-президенті Джонг Джунчхоль  арнайы келді.

Джонг Джунчхоль  – компанияның дүние жүзіндегі күллі өндірістік қуатына жетекшілік ететін тұлға. Құрметті мейманның Қостанайға келуінің себебі белгілі: биыл қазан айында конвейерден автокөліктер легі шығарыла бастайтын зауыттың тыныс-тіршілігін бақылау.

blank

«Біз Орталық Азияда қаржымызды қай елге аудару керегін ойлай келе, Еуразияның кіндігінде орналасқан Қазақстанды таңдадық. Бұл – біз үшін үлкен әрі маңызды жоба. Бәрін тексердік, ескердік, енді, көріп отырғанымыздай, қазан айында жаппай өндіріске барлығы дайын болады. Сіздердің құрылысқа жан-жақты қолдау көрсетулеріңіздің арқасында, жобаны мерзімнен кешіктірмей іске асырмақпыз. Сондай-ақ локализацияны дамытуды да жоспарлап отырмыз: компоненттерді осында, тұрғылықты жерде өндіруге мүмкіндік беру үшін автобөлшектерді жеткізушілер арасында іріктеу жүргіземіз. Жобаның болашағы зор екеніне көзіміз жетіп отыр, сондықтан Қазақстан және Қостанай облысымен арадағы әріптестікті нығайта түскіміз келеді. Сауатты, даярлықтан өткен мамандарыңыз үшін де ерекше алғыс білдіргім келеді», – деді ДжонгДжунчхоль.

blankБұл жобаның ең басты ерекшелігі – КІА Оңтүстік Кореядан тыс жердегі зауыт құрылысына алғаш рет ірі сомада қаражат бөлді. 131,5 млрд теңге болатын жалпы инвестицияның 117 млрд теңгесі корпорацияның өзіне тиесілі.

            «Бұл – біздің өңір тарихындағы ең ірі шетелдік өндіріс. Мемлекет басшысының тапсырмасы мен барлық құрылымның тыңғылықты жұмысының арқасында құрылыс рекордтық мерзімде – 1,5 жылда аяқталғалы тұр», – деді өңір басшысы Құмар Ақсақалов.

Зауыт елдегі ең заманауи кәсіпорынға айналады. Өндірістік қуаты – жылына 70 мың автокөлік. Желілер осы бастан Sorento және Sportage модельдерін шығаруға бейімделіп отыр. Ал 2026 жылдың соңына қарай бұл қатарға Cerato моделі қосылады. Жалпы, мұнда КІА көлігінің 13 түрлі моделі шығарылмақ.blankblankblankblankblank Өндіріс орнында ұзын саны бес технологиялық учаске бар, олар – дәнекерлеу, шанақ сырлау, пластик бөлшектерді бояу, жинақтау және қоймалау бөлімдері. Цехтарда 67 робот орналастырылған. Логистика «үзіліссіз лек қағидатымен» жұмыс істейді. Сапа 3D-сканер көмегімен бақыланады. Бұл көліктің әлемдік стандарттар деңгейінде болуы үшін кез келген қателікті тез тауып, оңай түзеуге мүмкіндік береді.blankblankblankblank

Кадр саясатына да айырықша көңіл бөлініп отыр. Ұжымның негізгі бөлігі облыстағы колледждер мен университеттерде, сондай-ақ оңтүстіккореялық Dong-Eui университетінде даярықтан өткен жергілікті мамандардан құралған. Алғашқы кезеңде 1500 жұмыс орны ашылады. Қазірдің өзінде кәсіпорында қостанайлық колледждердің қырық түлегі жұмыс істеп жатыр. Тағы 34 жасты қатарға алу жоспарланып отыр. Алмасу бағдарламасы аясында Ахаң атындағы өңірлік университеттің 12 түлегі Оңтүстік Кореяда оқып келді.blankblank

            «Екі жыл ішінде өңірде 939 маман даярланды. Бұл – басы ғана. Зауыттың кадрлық стратегиясы жергілікті мамандарға, олардың біліктілігін арттыруға бағдарланады. Жұмысшылар үшін жайлы жағдай, қауіпсіз қатынас және жатын орынмен қамтамасыз ету қамы жасалып жатыр. Жалпы, мұндай кәсіпорындарың пайда болуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына ғана емес, өңірдің технологиялық болашағының негізін қалауға ықпал етпек», – деп атап өтті Ақсақалов.

blankblankblankТағы бір айта кетерлігі, өңірде аумағы 30 мың шаршы метр болатын локализация орталығы салынып жатыр. Мұнда орындық, пайдаланылған газды шығару жүйесі, пласик панельдер сияқты көптеген автокомпонент өндіріледі. Бұл жылына 60 мың дана өнім өндіруге қауқарлы болмақ. Басты пайдасы – әр бөлшекті шетелден тасуға кететін артық қаржы және уақыт шығыны болмайды. Сондай-ақ бұл өндіріс орны қосымша 800 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

            «Жобаны іске асыру үшін мемлекет барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етті. Жол құрылысына, кірме жолдар мен инженерлік желілерге республикалық бюджеттен 11 млрд теңге бөлінді. Зауыт маңындағы контейнерлік терминал 1890 данаға есептелген. Ұзындығы 5,2 шақырымдық өзіміздің темір жол тармағы жұмыс істеп тұр», – деп толықтырды өңір басшысы.

blankblankblankМамандардың бағамдауынша, зауытты және жапсарлас өндіріс орындарын іске қосу нәтижесінде өңірдің өңдеу өнеркәсібінің өсімі 46 пайыздан асып түспек. Тоқ етері, Қостанайда елдің барлық машина жасау секторының тірек нүктесіне айналарлықтай толық циклді жаңа өнеркәсіптік кластер қалыптасып келеді.blankКездесу соңында Джонг Джунчхоль мырза Құмар Ақсақаловқа КІА-ның түрлі моделінің кішірейтілген макеттерін кәдесый ретінде тарту етті. Өңір басшысы да мейманға Тобыл-Торғай өңірінің флора-фаунасы, жер-суы туралы мәліметтер енгізілген кітапты және «Тобыл ойшылы» мүсінін естелікке сыйға тартты.blankblankblank

blank

Жандос ЖҮСІПБЕК 

Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ