Футболдан Қазақстан чемпионатының 21 туры аясында Қостанайдың “Тобылы” шымкенттік “Ордабасы” командасын қабылдады. Негізі бұл кездесуде жанкүйер қауым қонақтардан ерекше ойын күткен. Себебі “Ордабасы” осы жылы чемпиондықтан басты үміткер команда. Алдыңғы он бес тур бойы қарсыластарынан жеңілмей келеді. Турнир кестесінде екінші келе жатқан Ақтөбеден сегіз ұпайға алда. Екіншіден, қостанайлықтар алдағы еуропаға жасайтын жорығына байланысты қосалқы құраммен ойнады. Алты бірдей команда түлегі алаңға бірінші минуттан шықты.
Алайда ойын өрнегі жұрт ойлағаннан басқаша өрбіді. Екі жақ та шабуылдарға үсті-үстіне иек артты. Әсіресе, “Тобылда” жүз пайыз гол соғатын мүмкіндіктер көп болды. Командаға жаңадан қосылған Игорь Иванович сондай ұтымды сәттерді пайдалана алмады. Қонақтар сапынан ондай мүмкіндіктерді Асхат Тағыберген мүлт жіберді. Осылайша, ойында есеп ашылған жоқ, командалар өзара ұпай бөлісті.