09.10.2025
«Таза бахил» деп жазса түсінбей қала ма?

«Таза бахил» деп жазса түсінбей қала ма?

Жанкелдин аудандық ауруханасында тұрған «Чистые бахилы» деген жазу қазағы қалың ортаны қайран қалдырып отыр.

Барлық тұрғындары тек қазақ тілінде сөйлейтін Торғай өңірінде мұндай орысша жазудың не себепті тұрғанына жұрт аң-таң.

«Бұл неге қазақша емес? Біз бәріміз қазақша сөйлейміз ғой. Торғайда орысша жазуға қандай қажеттілік туындады?» – деп мәселе көтеріп хабарласты оқырманымыз.

Бұл жайт мемлекеттік тіл мәртебесіне қалың қазақтың ортасындағы ағайынның көзқарасы ұсақ-түйектен басталатынын көрсетеді. Екіншіден жергілікті мекемелерде ана тіліне жеткілікті назар аударылмай отырғанын аңғартады.

«Көрген көзде жазық жоқ» дейді қазақ.