Тәрбиелік маңызы зор жиын

Тәрбиелік маңызы зор жиын

Бүгінде “Ауыл” партиясының өкілдері өңірдің ауыл-аймақтарында әсемдікті дәріптеп, нәзікжандыларға қолдау көрсету бағытындағы іс-шараларға жеткіншектерді қатыстыру арқылы қазақи тәрбиеге баулуды көздейді. “Әйелдік флешмобы” іс-шарасы да осы сөзімізге тағы дәлел бола алды.  

«Әйелдік флешмобы – қоғамға  аруларымыздың, аналарымыздың маңыздылығын көрсету, естеріне салу. Қазақ “қызға қырық үйден тыю” деп тәрбиелеген, “қыз бала қонақ” деп аялаған. Аналарымыздың қадір-қасиетінің молдығын “жұмақ ананың табанының астында” деп ұғындырған. Айта берсек, әйел әлемі өзгеше, қоғамда үлкен орны бар”, – Ауыл” халықтық демократиялық партиясының  Қостанайдағы  филиалының төрайымы Ғайния Есеева.

Дегенмен, бұл тұрғыда шешімін таппай келе жатқан мәселесі көп. Әсіресе, ауылдық жерлерде жағдайлар өте күрделі. Соның барлығын “теңізге тамған тамшыдай” осындай іс-шаралар арқылы көрсету өте маңызды.  Әлемде 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан аталмыш мереке “Өмірді жақсы жағына өзгертеміз!”, “Сұлулық әлемді құтқарады!” сынды үндеулерге толы болды. Оны  “Ауыл” партиясы филиалының жастар қанаты ұйымдастырғанын айта кетейік. “Қазақ аналары – дәстүрге жол” РҚҚ филиалынан ақжаулықты апалар да қатысып, ән мен күйге бөледі. Өз тілектестіктерін білдіріп, болашақта серіктестікті жалғастыру ойларын жеткізді. Қалалық мәслихаттың “Ауыл” партиясы атынан депутат Аралбай Аймұқанов келген бүлдіршіндерді атқа отыруға баулыды.

Жаңалықтармен бөлісу