Сыртқы істер министрлігінде мемлекеттік қызметтер автоматтандырылды

Сыртқы істер министрлігінде мемлекеттік қызметтер автоматтандырылды

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі халыққа қызмет көрсетудің ыңғайлылығы мен сапасын арттыру үшін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру бойынша бірқатар шаралар қабылдады деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

“Қазақстан азаматтарына мемлекеттік қызметтерді барынша қолдануға ыңғайлы болу үшін бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде «egov.kz» портал арқылы көрсетілетін 17 қызметтің 10-ы іске қосылды. Шетелде азаматтық хал актілерін тіркеу, жекелеген санаттағы электрондық визаларды беру, консулдық есепке қою және алу, шетелде ЭЦҚ алу, сондай-ақ Қазақстандағы шетелдік инвесторлық қызметпен байланысты электрондық өтініш беру процесі автоматтандырылды”, делінген хаттамада.

Азаматтардың сұраныстарын өңдеу уақытын қысқарту мақсатында мемлекеттік ақпараттық жүйелер белсенді қолданылады. Бұл шара шетелдегі Қазақстан азаматтарының паспорттарын ресімдеу мерзімін, Қазақстан азаматтығын, отбасылық жағдайын және басқа да сұраныстарды растауды 3 айдан 1,5 айға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Жаңалықтармен бөлісу