Соңғы үш жылда Қытайға астық экспорты 6 есеге жуық артты

Соңғы үш жылда Қытайға астық экспорты 6 есеге жуық артты

 Дәстүрлі түрде қазақстандық астық пен оны қайта өңдеу өнімдері үшін негізгі өткізу нарықтары Орталық Азия, Ауғанстан, Иран және Қытай елдері болып қала береді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, соңғы үш жылда ҚХР-ға астық жүктерінің экспорты 5,7 есе өсті.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының деректері бойынша ағымдағы жылдың басынан бастап астықпен 582 маршруттық пойыз құрылып, жөнелтілді: 551 экспресс-пойыз астық жүктерін Қытайға, Түркменстанға, Иранға, Ресейге, Өзбекстанға жеткізді. Ел бойынша астық жүктерін маршруттық жөнелтілімдермен тасымалдау үшін 31 құрам ұйымдастырылды.

Жаңалықтармен бөлісу