Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Канаданың Келоуна қаласында өткен Гран-при сериясының кезеңін бесінші орынмен аяқтады.
Әйелдер арасындағы жекелей сында қазақстандық спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша 206,89 ұпай жинады. Қысқа бағдарламада 71,84 ұпай иеленсе, еркін бағдарламада 135,05 ұпай еншіледі. Осылайша, қос бағдарламада да бесінші нәтиже көрсетті.
Жарыс жеңімпазы жапониялық Мао Симада атанды. Ол 235,44 ұпай жинады. Эстония өкілі Нина Петрыкина 221,07 ұпаймен күміс жүлдеге ие болса, америкалық Изабо Левито 212,22 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Осылайша, Софья Самоделкина Канададағы Гран-при кезеңін үздік бестіктің қатарында аяқтады.
