Сөз байласқан қазақстандық қос ғашықты Франция Президенті құттықтады

Сөз байласқан қазақстандық қос ғашықты Франция Президенті құттықтады

Қазақстандық Санжар Тайжан сүйіктісіне Эйфель мұнарасы алаңында ұсыныс жасады. Сол жерде жүрген Франция президенті Эммануель Макрон жастардың қасына келген.

Сөз байласқан жастар президентке ерлі-зайыпты болу үшін ұсыныс жасағанын жеткізген. Ал мемлекет басшысы оларды құттықтап, қайдан келгенін сұрайды. Қазақстаннан екенін білгенде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыйға тартқан “тазы” тұқымы туралы айтқан.

“Қазір менің қазақстандық екі итім бар. Бүкіл ел бұған риза. Иттер өте әдемі. Мен сіздерді құттықтаймын”, – дейді Эммануель Макрон.

Б. НҰРМҰХАНОВ

Жаңалықтармен бөлісу